"Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Приозерное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Приозёрное отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілерде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Болашаққа қадам»

9 сынып оқушыларымен «Болашаққа қадам» атты кәсіби бағдар беру тренингі өткізілді.
Іс-шараның мақсаты- оқушыларға өз қызығушылықтарын, қабілеттері мен жеке қасиеттерін тереңірек түсінуге көмектесу, болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға бағыт беру.Тренинг барысында қатысушылар өздерінің басым қырларын анықтауға арналған интерактивті тапсырмаларға қатысып, табысты мансап пен өзін-өзі дамыту үшін қажет қасиеттерді талқылады. Ерекше назар Дж. Холландтың «Менің кәсіби бағытым» атты тестін орындауға аударылды. Бұл тест оқушыларға өз бейімділіктерін айқындауға мүмкіндік берді (реалистік, зерттеушілік, шығармашылық, әлеуметтік, кәсіпкерлік және ұйымдастырушылық бағыттар).Тест нәтижелерін орындағаннан кейін оқушылар оларды талдап, топпен бірге қорытынды жасап, өздерінің жеке ерекшеліктеріне сай келетін мамандықтарды анықтады. Тренинг заманауи және сұранысқа ие мамандықтар мен өмірлік жолды таңдауға әсер ететін факторларды талқылаумен аяқталды.
Кәсіби бағдар беруші педагог: Сергеева Ю.А.

Текст