26 мамырда 11 сынып түлектері үшін Қазақстан тарихы бойынша тақырыптық кеңес өткізілді.
Тақырыбы: "Қазақстан аумағындағы Кеңестік еңбекпен түзеу лагерлері".
Сабақтың мақсаты: жаппай қуғын-сүргін тақырыбы бойынша оқушылардың білімін қайталау және жүйелеу.
Сабақта оқушылар "Репрессия", "Депортация", "Террор", "ОГПУ", "Саяси тұтқындар", "Реабилитация" және т.б. анықтамаларын қайталады, лагерлер құру мақсатын атады, қамаудағыларды ұстау шарттарын сипаттады.
ГУЛАГ, "АЛЖИР", "Карлаг", "Степлаг" лагерлері және ГУЛАГ-тың басқа құрылымдары құрылған және жабылған күндермен жұмыс істеді. Қазақстан аумағында қуғын-сүргінге ұшырағандардың, жер аударылғандардың санын қайталады. Белгілі қуғын-сүргінге ұшырағандардың тағдыры туралы ақпарат дайындады. 1997 жылдан бастап жыл сайын Қазақстанда 31 мамырда Қазақстан тарихының ең қайғылы беттерінің бірі саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні атап өтілетініне тоқталдық.
Соңында оқушылар тақырып бойынша тест тапсырмаларын орындады.
Терзиди С., тарих пәнінің мұғалімі