Ұйымдар тізімі
Бүгін 11-сыныпта «Теңге- Қазақстанның ұлттық валютасы» атты сынып сағаты өтті.
Мақсаты: оқушылардың Қазақстанның ұлттық валютасы -теңгенің мәні, оның тарихы, ел экономикасындағы рөлі мен қаржылық сауаттылық негіздері туралы білімдерін кеңейту. Оқушыларда әділдік, жауапкершілік, адалдық және еңбекке құрмет сезімдерін қалыптастыру.
Сынып сағаты Әнұран орындалуымен және ұйымдастыру сәтімен басталды. Оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатымен танысып, ұлттық валютаның мемлекет өміріндегі маңызы туралы пікір алмасты.
Сабақ барысында оқушылар теңгенің пайда болуы, оның тарихы мен Қазақстан тәуелсіздігі үшін символдық мәні туралы бейнематериалдар тамашалады.
«Қаржылық әділдік және азаматтың жеке жауапкершілігі» атты интерактивті тапсырмалар мен жағдайлық талқылау өткізілді, онда оқушылар адалдық, жауапкершілік және қаржыны әділ бөлу туралы ой бөлісті.
Сабақ соңында «Ақшаға деген көзқарасым- тұлғамның айнасы»» атты рефлексия жүргізілді. Оқушылар еңбек нәтижесі ретінде ақшаға ұқыпты және адал қарау туралы өз пікірлерін білдірді.
Оқушылар белсенділік пен қызығушылық танытып, ұлттық валютаның тәуелсіздік пен экономикалық тұрақтылықтың символы екенін түсінді.
Сынып жетекшісі: Кравченко Л.В.
Төлегенов Айбек, біздің мектептің...