"Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Приозерное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Приозёрное отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілерде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Тілге құрмет – елге құрмет»

«Тілге құрмет – елге құрмет» атты іс-шара қазақ тілі апталығы аясында 2-3 сынып оқушыларымен өткізілді. Іс-шара ойын мен сайыс түрінде ұйымдастырылып, балалар ерекше белсенділік танытты.
Оқушылар қызықты сұрақтарға жауап беріп, түрлі ойталқы мен жылдамдықты талап ететін тапсырмаларды орындады. Тіл байлығын, ой ұшқырлығын көрсететін ойындар олардың қызығушылығын арттырып, көңілді әрі пайдалы уақыт өткізді.
Бағдарлама барысында мақал-мәтелдер сайысы, «Сөзден сурет құрастыр», «Өрнекті жалғастыр» сияқты танымдық тапсырмалар өткізілді. Сонымен қатар, ерекше қызығушылық тудырған «Асық жина» ойыны ұйымдастырылды. Әр асықтың астында жасырылған сұрақтар болды, балалар оны таңдап алып, сұраққа жауап берді. Бұл әдіс олардың белсенділігін арттырып, білімді ойын арқылы бекітуге мүмкіндік берді.
Балалар бір-бірімен жарыса отырып, өз білімдері мен тілдік қабілеттерін көрсете білді.Іс-шара соңында өздерінің зеректігімен, тапқырлығымен ерекшеленген оқушылардың ішінен ең үздіктер анықталды.Бұл іс-шара оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттырып, достық пен ұйымшылдық сезімін нығайта түсті.
Қазақ тілі мұғалімдері.


Текст