Ұстаздар күніне арналған салтанатты жиын
Ұстаздар күніне арналған салтанатты жиын
Ұстаздар күні қарсаңында мектебімізде педагогтердің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті.Іс-шара барысында ұстаздарға кәсіби шеберлігі, еселі еңбегі, өз мамандығына деген адалдығы және өскелең ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруге қосқан зор үлесі үшін алғыс айтылып, ізгі тілектер білдірілді.
Жиынның ерекше сәттерінің бірі - мектеп кілтін директордың дублеріне табыстау рәсімі болды. Бұл дәстүр оқушыларға басқарушылық тәжірибе жинақтауға, жауапкершілік пен бастамашылдық танытуға, сондай-ақ мектеп әкімшілігінің қызметімен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді.
Өзін-өзі басқару күнін өткізу оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін дамытуға, жауапкершілік сезімін қалыптастыруға, белсенділік танытуға және азаматтық ұстанымын нығайтуға ықпал етеді.Құрметті ұстаздар! Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық шабыт, кәсіби табыс, білімге құштар әрі алғыс білдіретін шәкірттер және жаңа жетістіктер тілейміз!
Ұстаздар күні құтты болсын!