Наурыз мерекесі құтты болсын!

Қазақстанда көктем қысты жеңіп , 21 наурызда өз құқығына толықтай енеді-дәл осы ерекше күні, жаңа жыл мен көктемгі күн мен түннің теңесуін ғана емес, табиғаттың жаңаруын да білдіретін жарқын Наурыз мерекесі атап өтіледі. Қазақстандағы Наурыз құнарлылық, достық пен махаббатты бейнелейді. Бұл күні адамдар әдемі киініп, туыстары мен жақындарына қонаққа барады, онда олар жақсы тілектерін ,баталарын білдіреді.Бұл күні ізгілік,  кешірім, жомарттық  сияқты адамгершілік қасиеттер ерекше болып саналады. Мерекенің барлық жағдайы әр адамды адамгершілікке, бауырластық махаббатқа, мейірімділік пен сыйластыққа  шақырады.15.03.21 1 сынып оқушыларымен"Құтты болсын Наурыз" сынып сағаты өткізілді. Балалар Наурыз мерекесі туралы түсініктерін  бекітіп, қазақ халқының мәдениеті мен тұрмысына, оның дәстүрлеріне қызығушылық танытты.Оқушылар постер жасау үшін ақпаратты нақты таңдап алды; ұлттық тағамдар,музыкалық аспаптар туралы өз жұмыстарын ұсынды.Сондай-ақ бір-біріне жақсылық пен бақыт тіледі.

Анапина Р.А.