Текст
2021 жылдың 14 желтоқсанында 6 сыныпта Қазақстан тарихы бойынша "Түркілердің материалдық және рухани мәдениеті" тақырыбында сабақ өткізілді.
Мақсаты: көшпенділердің қолданбалы өнердегі жетістіктерін сипаттау.
Шақыру кезеңінде "Ми шабуылы" өткізілді, оқушылар ұсынылған сөздерді 2 топқа бөлді: материалдық және рухани мәдениет.
Содан кейін топтарда жұмыс ұйымдастырылды. Әр топ материалдық мәдениеттің бір бағытын зерттей отырып, постер дайындап, қорғады.
Сабақ соңында оқушылар "Түркі мәдениеті әлемдік өркениеттің дамуына қандай үлес қосты?" ПОПС формуласы бойынша жауап берді.
Терзиди С., тарих пәнінің мұғалімі