Текст
21 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқыту форматында білім алды.
Ата-аналардың қолдауының арқасында оқушылар "Bilim Class" білім беру платформасына қосылып, бейнеконференциялар мен интерактивті сабақтарда белсенді жұмыс істеді.Мұғалімдер кері байланыс беріп, әр оқушының материалды түсінуіне және сұрақтарына жауап алуына мүмкіндік жасады. Бұл формат ауа райының қолайсыз жағдайларында оқу үдерісінің үздіксіздігін қамтамасыз етті. Заманауи технологияларды қолдану сабақтарды қызықты әрі ыңғайлы етіп, сонымен қатар оқушылардың цифрлық дағдыларын дамытуға ықпал етті.
Бастауыш сынып мұғалімдері