1-4 сынып оқушыларының ата-аналарымен "Балалардың компьютерлік ойындарға тәуелділігін қалай жеңуге болады?"

Бірыңғай тәрбие бағдарламасын іске асыру мақсатында 26.02  жоспарына сәйкес 1-4 сынып оқушыларының ата-аналарымен, ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығында "Балалардың компьютерлік ойындарға тәуелділігін қалай жеңуге болады?" атты отырыс өтті. Кездесу "Қуаныш добы "психологиялық ойынынан басталды.Ата-аналар балалардың ақпараттық дәуірде өсіп келе жатқан нағыз "цифрлық данышпан" екеніне қуанышты. Сонымен қатар, балалар интернетке  тәуелді екенің мойындайды.

Әңгімелесу барысында ата-аналар өздерінің жеке бақылауларымен бөлісті,сауалнама сұрақтарына жауап берді. Сынып жетекшілері бала ойнайтын компьютерлік ойындарға назар аударуын сұрады, өйткені  балалар  ұйқысыздыққа, ашуланшақтыққа және әртүрлі қорқыныштарға ұшырайды.

Ата-аналар балаларды шынайы өмірде қызықты істермен айналысуға, құрдастарымен сыйласуға және өз  балаларымен ашық қарым-қатынасты сақтауға итермелеу керек деген қорытындыға келді.

1-4 сынып жетекшілері