Ұйымдар тізімі
4-күн «Ұлы ойшылдар»
Викторина: «Қоғамдық-саяси ойдың дамуы»
Тарих онкүндігі аясында 15 қаңтар күні мектебімізде Қазақстанның ұлы философтары, ақындары мен ағартушыларының өмірі мен мұрасына арналған интеллектуалдық викторина өтті.
Жоғары сынып оқушылары ұлттық руханият пен бірегейліктің негізін қалаған ойшылдардың еңбектері бойынша өз білімдерін сынады.
Викторина тарихи деректерді тексерумен ғана шектелмей, ежелгі және ортағасырлық дәуір ойшылдарының, Қазақ хандығы кезеңіндегі тұлғалардың, сондай-ақ Абай Құнанбайұлы, Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынұлы және басқа да ұлы тұлғалардың даналық ойларын терең түсінуге бағытталды.
Бұл іс-шара өтілген оқу материалын қайталауға және білімді жүйелеуге жақсы мүмкіндік болды.
Жеңімпаздар тарих онкүндігінің жабылуына арналған салтанатты жиында марапатталады.
Терзиди С.П.,
тарих пәні мұғалімі
День 4 «Выдающиеся мыслители»
Викторина: «Развитие общественно-политической мысли»
Қауіпсіз интернет күні