«Мен қазақша сөйлеймін»

Қазақстан халқының тілдері күніне арналған онкүндік іс-шаралар жоспарына сәйкес мектепте «Мен қазақша сөйлеймін» челленджі ұйымдастырылды. Челленджге мектеп оқушылары мен мұғалімдер белсенді қатысты. Қатысушылар қазақ тілінде өз ойларын білдіріп, күнделікті өмірде қазақ тілін қолданудың маңыздылығын көрсетті. Челлендж барысында қатысушылар қазақ тілінде қысқаша бейнероликтер түсіріп, өздерінің қазақ тілінде сөйлей алатынын көрсетті. Сонымен қатар мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, қазақ тілін құрметтеу және оны күнделікті қарым-қатынаста қолдану туралы ойларымен бөлісті.