Текст
"Біртұтас" бағдарламасы аясында "Мен адалдықты жақсы көремін" тақырыбындағы сынып сағатында оқушылар адалдықтың маңыздылығы мен оның заң мен тәртіпті сақтаудағы рөлі туралы талқылады. Аптаның дәйексөзі: "Талап бар жерде тәртіп бар" пікірталастың негізіне айналды.Оқушылар адалдықтың қоғамдағы сенім мен құрметтің негізі екенін түсініп, адал болудың тек басқаларға ғана емес, өздеріне де маңызды екенін атап өтті.Сабақ соңында балалар Қазақстанның Туын – Отанға деген сүйіспеншіліктің символы, жүректі – шынайылықтың белгісі, күлімсіреген смайликтерді – мейірімділіктің белгісі және адалдықты өсіріп, нығайтуды білдіретін суару құтысын бейнелеп, жарқын постер жасады.
Сынып жетекшісі: Анапина Р.А.