«Тіл — халықтың тірі жаны!»
Қазақстан халқының тілдері күніне арналған онкүндік іс-шаралар жоспарына сәйкес 10-сыныпта «Тіл — халықтың тірі жаны!» тақырыбында сынып сағаты өтті.
Іс-шараның басты мақсаты — патриотизм сезімін қалыптастыру, мемлекеттік тілге деген құрметті арттыру, сондай-ақ елімізде тұратын барлық этнос өкілдері арасындағы достықты, бірлік пен қоғамдық келісімді нығайту.
Сынып сағаты барысында оқушылар мемлекеттік тілдің егемендіктің тірегі және қоғамды біріктіруші фактор ретіндегі басты рөлін талқылады.
Оқушылар достық, туған жер және тіл байлығы туралы мақал-мәтелдерді еске түсіріп, тапқырлық пен тіл білімін көрсете отырып, викторинаға белсене қатысты.
Қазақстанның тілдік әртүрлілігі — біздің ортақ байлығымыз, ал бірлік пен өзара құрмет — ортақ шаңырағымыздың гүлденуінің кепілі!