"Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Приозерное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Приозёрное отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілерде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Буллингтен қорғану. Өзің және өзгелер үшін жауапкершілік»

«Буллингтен қорғану. Өзің және өзгелер үшін жауапкершілік»
10-11 сыныптарда «ДОСБОЛLIKE» бағдарламасы аясында «Буллингтен қорғану. Өзің және өзгелер үшін жауапкершілік» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Сабақтың мақсаты - қақтығыс жағдайларында тиімді және дұрыс мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, өз іс-әрекеттері мен айналасындағылармен қарым-қатынасқа жауапкершілікті дамыту.
Сынып сағаты барысында оқушылар «Жақсы күннің құрау жолы», «Жақсы және жаман әрекеттер», «Мен-хабарлама» атты интерактивті жаттығуларға, рөлдік ойындарға қатысты. Қақтығыстардың себептері мен оларды болдырмау жолдары талқыланды, медиацияның негізгі қағидаларымен таныстырылды. Өзін-өзі құрметтеу, өзара сыйластық және буллингтің жол берілмейтіндігі мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сабақ жылы әрі белсенді жағдайда өтті. Оқушылар тақырыпқа қызығушылық танытып, талқылауға белсенді қатысты және сыйластыққа негізделген қарым-қатынас пен жеке жауапкершіліктің маңыздылығы туралы қорытынды жасады.

Сынып жетекшісі: Кравченко Л.В.


Текст