Мұғалімдер күні

Ұстаздар күні - ұстазға деген ерекше құрмет пен шынайы алғысқа толы мереке!
Таң атқаннан-ақ мектебімізде ерекше жылы әрі мерекелік көңіл күй орнады.
Сабақ басталар алдында оқушыларымыз аяулы ұстаздарын күлімдеген жүзбен, ақжарма тілектермен, әсем гүлдермен және тәтті сыйлықтармен қарсы алды.