Онкүндіктің жабылуы
2026 жылғы 17 қыркүйекте мектепте Қазақстан халқы тілдері онкүндігінің жабылуына арналған салтанатты жиын өтті.
Іс-шараға 5-11 сынып оқушылары қатысып, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінен білімдерін танымдық әрі ойын түріндегі тапсырмалар арқылы көрсетті.
Іс-шара барысында «Адал азамат» құндылықтарына- адалдыққа, жауапкершілікке, құрметке, еңбекқорлыққа, білімге ұмтылуға және бірлікке ерекше көңіл бөлінді.
Оқушылар «Сөздерді ата», «Аудармашы», «Мақалды жалғастыр» және басқа да тілдік ойындар мен тапсырмаларға белсенді қатысты.
Іс-шара мерекелік әрі достық атмосферада өтіп, онкүндіктің жарқын қорытындысы болды. Сонымен қатар тілдік әралуандылықты сақтаудың және Қазақстан халқының бірлігін нығайтудың маңыздылығын айқындады.
Қазақ, орыс және ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдері