«Мәңгілік елімнің – мәңгілік тілі».

«Мәңгілік елімнің – мәңгілік тілі»
Қазақстан халқы тілдері күніне арналған іс-шаралар жоспары аясында 2-3 сыныптарда «Мәңгілік елімнің - мәңгілік тілі» тақырыбында іс-шара өткізілді.
Іс-шараның басында оқушылар әртүрлі тілдердегі амандасу түрлерімен танысып, Қазақстандағы тілдердің алуан түрлілігі және әр халықтың тілі мен мәдениетіне құрметпен қараудың маңыздылығы туралы білді.
Іс-шара барысында қазақтың көрнекті ағартушысы, ғалым, педагог және қоғам қайраткері, «Ұлт ұстазы» атанған Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына ерекше назар аударылды. Оқушылар оның қазақ тілін, жазуын және білім беру саласын дамытуға қосқан зор үлесі туралы мағлұмат алды.
Іс-шара барысында оқушылар танымдық және шығармашылық тапсырмаларға белсенді қатысты. Топтық жұмыс кезінде «Достық шаңырағы» ойынында тіл туралы мақал-мәтелдер жинақтап, құрмет, достық, төзімділік және өзара түсіністік сияқты маңызды ұғымдардан символдық «Достық көпірін» құрастырды. Сонымен қатар «Шындық немесе миф?» ойыны арқылы өз білімдерін тексерді.
Іс-шара «Біріктіретін сөз» атты шығармашылық тапсырмамен қорытындыланды. Оқушылар сыныптың ортақ тілдік картасын жасап, оған «достық», «бейбітшілік», «құрмет», «ме�