Текст
2-сынып оқушыларымен «Абай- қазақтың ұлы ақыны» атты сынып сағаты өтті. Оқушылар қазақ халқының кемеңгер ақыны Абай Құнанбайұлының өмірбаянымен танысты. Балалар ұлы ойшылдың өсиет сөздері мен нақылдарын тыңдап, олардың мән-мағынасын түсінуге тырысты.
Сынып сағатында оқушыларға сұрақтар қойылып, олар өз ойларын білдіріп, Абайдың даналығынан үлгі алудың маңыздылығын талқылады. Балалар ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы жаңа мәлімет алып, туған елі мен халқына деген сүйіспеншілікті, білімге құштарлықты дәріптеу керектігін ұғынды.Осындай іс-шаралар жас ұрпақтың бойына рухани құндылықтарды сіңіріп, отансүйгіштікке және ізгілікке тәрбиелейді.
Сынып жетекшісі : Анапина Р.А