"Менің өмірімдегі интернеттің: пайдасы немесе зияны?»

12 қараша күні 8 сынып оқушыларымен "Менің өмірімдегі интернеттің: пайдасы немесе зияны?» атты әңгіме өткізілді.

Әңгіменің мақсаты: жасөспірімдерде интернетке тәуелділіктің алдын алу.

Сабақтың барысында оқушылар  компьютерлік ойындардың зиянды салдарымен таныстырылып, интернетке тәуелділік туралы түсінік берілді.

- Тәуелсіздік, қызығушылық сияқты мінездің қасиеттеріне оң көзқарас қалыптастыра отырып, оқушылардың өз көкжиегін кеңейтуге, спорт секцияларына қатысуға, өзін-өзі тануға, өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі жетілдіруге ынталандыру. Әңгіменің соңында оқушыларға сауалнама таратылып берілді.

Шаймерденова С.Л.