«Приозерное ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ жанындағы «Болашақ» шағын орталығында тарихи саяхат

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі іс - шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде 16.02.2021 жылы «Болашақ» шағын орталығында «Тәуелсіздік-әрбір қазақстандықтың мақтанышы» тақырыбында тарихи саяхат өтті.

Мақсаты: туған жердің құндылығы мен сұлулығы туралы ұғымды кеңейту; өз елінің өткеніне, бүгініне деген қызығушылықты дамыту, Отанымыздың батырларымен таныстыру. Алған білімдері мен дағдыларын бекіту, Қазақстан Республикасының азаматы ретінде өзін-өзі тану.

Іс-шара барысында балалар өздерінің тарихи Отаны туралы білімдерін бекітті. «Оқтау тартыс», "Кім жылдам, көрінбейтін тебетей» сияқты ұлттық ойындарды ойнады. Бекіту ретінде балалар «Менің Қазақстаным» тақырыбы бойынша презентацияны тамашалады.

Шағын орталықтың тәрбиешісі: Григоренко Т. В.