Текст
5 мамыр күні 1-сыныпта Отан қорғаушылар күніне арналған сынып сағаты өтті.
Ұл балалар өз күштері мен ептіліктерін мақтанышпен көрсетіп, жаттығулар жасап, шын мәнінде болашақ қорғаушылар екенін дәлелдеді.
Балалар сүйікті әкелеріне арнап қолдан жасалған сыйлықтарын үлкен шабытпен дайындады – өйткені әрқашан қасымызда болып, қолдап, қорғап, сүйетін әкелерге «рақмет» айтудың маңызы зор.
Бұл күні әрбір әке өзіне деген құрмет пен мақтанышты сезінуі тиіс еді.
Кейде қарапайым ғана «Рақмет, әке!» деген сөздің өзі, кез келген сыйлықтан артық жылу сыйлайды.
Сынып жетекшісі: Анапина Р.А