2 қараша Дүниежүзілік балалар күніне арналған іс-шаралар аясында 11 сынып оқушылары үшін «Баланың құқықтары мен міндеттері» атты сынып сағаты өткізілді.
Мақсаты: баланың негізгі құқықтары мен міндеттері туралы білімді жалпылау.
Міндеттері: «Құқықтар» және «Міндеттер» ұғымдарын бөлу білу, құқықтар мен міндеттердің бірлігін көрсету. Заңсыз әрекеттерге теріс көзқарас қалыптастыру, балаларды өз құқықтарын қорғауға шақыру. Басқа адамдардың құқықтарын құрметтеуге тәрбиелеу.
Іс-шара барысында оқушылар Балалардың құқықтарын қорғайтын негізгі құжаттарды еске алды: Бала құқықтары туралы Конвенция, «Қазақстан Республикасындағы неке және отбасы туралы» Заңы.Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары» Заңы. Оқушылар әрқайсысы білуі керек міндеттерді атады. Қорытындылай келе, балалардың құқықтары мен міндеттері туралы жағдайларды шешу ұсынылды.
Терзиди С. П., 11 сынып жетекшісі