"Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Приозерное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Приозёрное отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілерде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Телефон емес - достармен ойнау»

«Телефон емес - достармен ойнау»
«Адал Азамат» біртұтас тәрбиелеу бағдарламасын жүзеге асыру аясында 9 ақпан күні бастауыш сыныптарда «Телефон емес - достармен ойнау» тақырыбында сынып сағаты өтті. Сынып сағаты оқушыларға тікелей қарым-қатынастың және сыныптастарымен бірге ойнаудың маңыздылығын түсіндіруге бағытталды. Балалармен тікелей қарым-қатынастың пайдасы жөнінде әңгіме жүргізіліп, виртуалды және нақты қарым-қатынас арасындағы айырмашылықтар талқыланды. Оқушылар өздерінің сүйікті аулада ойнайтын ойындарын, командалық және үстел ойындарын мысалға келтіріп, қатынасу және ынтымақтастыққа арналған ойын жаттығуларына қатысты. Сондай-ақ, гаджеттерді ақылмен пайдалану мәселесіне ерекше көңіл бөлінді.
Қауіпсіздік тақырыбы бойынша оқушылар жедел қызметтердің нөмірлерін қайталап, көмекке жүгіну қажет жағдайларды талқылады және төтенше жағдайларда әрекет ету тәртібін бекітті.

Бастауыш сынып мұғалімі: Шипило Т.А.


Текст