"Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Приозерное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Приозёрное отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілерде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

эссе байқауы

Қазақстан Республикасы күні қарсаңында мектебімізде Отанға деген сүйіспеншілікке арналған эссе байқауы өтті. Оқушылар өз шығармаларында туған жердің сұлулығы, оның тарихы, батырлары мен еліміздің ұлы жетістіктері туралы тебіреніспен және шабытпен жазды.

Әрбір эссе өзінше ерекше болды: бірі қазақ халқының салт-дәстүрлерін еске түсірсе, енді бірі бейбіт әрі тәуелсіз мемлекетіміз үшін мақтаныш сезімін жеткізді, ал кейбір оқушылар Қазақстанның болашағы туралы арман-тілектерімен бөлісті.

Бұл байқауға қатысу балалардың шығармашылық қабілеттерін ашуға, патриоттық сезімдерін дамытуға және еліміздің мемлекеттік дербестігін бейнелейтін Республика күнінің маңызын терең түсінуге мүмкіндік берді.


Текст