«Көп оқыған -көп біледі»

Мектеп кітапханасының оқу залында «Көп оқыған -көп біледі» атты шара өтті. Балалар ертегілер мен өлеңдерді үлкен қызығушылықпен оқыды, сондай-ақ планшетті қазіргі заманғы оқу құралы ретінде пайдаланып, танымдық материалдарды көрді, ертегілер мен мультфильмдерді тамашалады, сүйікті кейіпкерлерін салды және сұрақтарға белсенді жауап берді.
Шара жылы және танымды атмосферада өтті. Соңында барлық қатысушылар тәтті сыйлықтарға ие болды.

Кітапханашы: Шокаева С. О