«Біз ептіміз және батылмыз»
Бүгін мектепте көркем еңбек, музыка, дене шынықтыру және алғашқы әскери-технологиялық дайындық онкүндігі аясында «Біз ептіміз және батылмыз» атты сурет байқауы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, дене шынықтыру мен салауатты өмір салтына деген қызығушылықтарын қалыптастыру, батылдыққа, ептілікке, белсенділікке және командалық рухқа тәрбиелеу.
Байқауға мектеп оқушылары қатысты. Оқушылар өздерінің қиялдарын, шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, суреттерінде спорттық жаттығуларды, дене белсенділігін, күштілікті, ептілік пен батылдықты үлкен қызығушылықпен бейнеледі.
Барлық қатысушылар өздерінің еңбекқорлығын, ынтасын және шығармашылық қабілеттерін көрсетуге деген талпыныстарын танытты.
Байқаудың өткізілуі оқушылар арасында жағымды эмоционалдық ахуал қалыптастыруға, көркем шығармашылықты дамытуға және белсенді әрі салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етті.