13 қарашада 5, 7 сыныптарда Дүниежүзілік балалар күніне арналған сынып сағаты өтті. Мақсаты Біріккен Ұлттар Ұйымының Бала құқықтары туралы Конвенциясы (БҚК) туралы жалпы түсінік алу; жаһандық мақсаттар мен Конвенция арасындағы тығыз өзара байланысты ұғыну; барлық балалардың құқықтары сақталатын болашақты талқылау; өз құқықтары туралы айту және әрекет етуді бастау.
Сынып сағаты барысында балалардың пікірі бойынша «балалаық шақ не?», яғни балалық шақ қашан басталып, қай уақытта аяқталатынын әңгімеледі. Бала құқықтары туралы Конвенция және Бала құқықтары туралы декларация туралы ақпараты бар презентация көрсетілді. Оқушылар кейбір мемлекеттердегі балалар құқықтарының бұзылуы туралы кестені толтырды. Сынып сағатының соңында балалар топта жұмыс істей отырып, өздерінің болашақ балаларының балалық шағын қалай көретінін көрсетті.
Рефлексия барысында балалар әр бала сүйікті болуы керек екенін атап өтті!
5, 7 сынып жетекшілері