Фразеологиялық турнир
Мектебімізде Қазақстан халқының тілдері онкүндігіне орай 6 және 7-сынып оқушылары арасында тартысты фразеологиялық турнир өтті!
Оқушылар тұрақты сөз тіркестері мен қанатты сөздерді білуден өзара бақ сынасты. Турнир өте қарқынды әрі қызықты атмосферада өтті: оқушылар жасырылған фразеологизмдердің сырын ашты, олардың шығу тарихын түсіндірді, синонимдерін таңдады және тіпті тұрақты тіркестердің мағынасын пантомима арқылы көрсете білді.
Барлық қатысушылар өздерінің тапқырлығын, білімін және ауызбіршілігін байқатты. Сайыс тек білімді тексеріп қана қоймай, тіліміздің қаншалықты бай, жарқын әрі бейнелі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді!