Мектеп жанындағы учаскеде атқарылған жұмыстар туралы есебі

10-14 маусым аралығында мектеп директоры бекіткен кестеге сәйкес Приозерное ОМ жанындағы учаскесінде 1-5 сынып оқушылары (Зверева А., Кнак А., Васильева А., Мамедов М., Галюк К., Васильев П.) оқу тәжірибесінен өтті. Бірінші күні учаскеде жұмыс басталар алдында оқушылармен қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық өткізілді. Учаскеде тәжірибеден өту кезеңінде балалар келесі жұмыс түрлерін атқарды: гүл егілген гүлзарларды, жолдарды, көкөністер отырғызылған жүйектерді, картоп алқаптарын арам шөптен тазартты, гүлзарларды, жүйектерді және мектеп кабинеттеріндегі гүлдерді суарды.

Тлеулинова Г.Б.