Мектеп жанындағы учаске

30.05-03.06 аралығында оқушыларды еңбекке тәрбиелеу және мектеп жанындағы аумақты абаттандыру шеңберінде мектеп жанындағы учаскеде жұмыс басталды.

Жұмыс басталар алдында оқушылар қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстырылды. Апта бойы оқушылар келесі жұмыстарды орындады: гүлзарларды отау, мектепте гүлдерді суару, жылы жайда қызанақ көшеттерін отырғызу және мектепаумағынжинау.

Абаттандыру бойынша жұмыс барысында оқушылар өз еңбектерінің нәтижелерін көрді, қоршаған ортаны сақтау және үнемдеу қажеттілігін түсінді.

Чепайкин С.А.