1. Жалпы ережелер
1) көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: "Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімінің Приозерное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"КММ. Заңды мекен-жайы Приозерное ауылы, Ы.Алтынсаринкөшесі, 15.
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
"Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімінің Приозерное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-де білім беру саласында 5 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
2023 жылы "Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімінің Приозерное ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ-де 22 қызмет көрсетілді;
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілгені -2 қызмет;
электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер 7 қызмет;
қағаз нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер 13 қызмет.
Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.
3) Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:"Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімінің Приозерное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ мынадай мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:
"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау";
"Денсаулық жағдайы бойынша ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау";
"Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау";
"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау";
"Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру".
2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс:
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет ресурста орналастырылған http://sandyktau.aqmoedu.gov.kz/мектеп "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Сондай-ақ, ақпараттық стендте мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.
Қазіргі уақытта заңға тәуелді және құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет-порталында жүзеге асырылады. Мектеп нормативтік-құқықтық актілерді әзірлемеді.
3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).
2023 жылы "Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімінің Приозерное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ БАҚ және әлеуметтік желілерде "Сандықтау өлкесі" аудандық газетінде 1 мақала жарияланды, 1 тікелей эфир өткізілді. Ай сайын халықты БАҚ арқылы, көрсетілетін қызметті берушілердің интернет – ресурстары арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар ету бойынша жұмыс жүргізіледі.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында облыстағы барлық мектепке дейінгі орта, арнаулы білім беру ұйымдары бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді Аkmola.kz. жүйеде 5 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылады.
Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап барлық білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҚР БҒМ ММ АЖО жүйесі жұмыс істейді, онда 5 мемлекеттік қызмет қолжетімді.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
"Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімінің Приозерное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-де қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген 1 қызметкер мемлекеттік қызмет көрсетеді.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
2023 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тарту анықталған жоқ.
3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері.
Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінде бұзушылықтар анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтердің бұзылуына жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.
5. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.
Көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында 2024 жылға ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.
2024 жылы мектеп жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастырады.