Отбасы күніне арналған ата-аналар жиналысы

Бірыңғай тәрбие бағдарламасы мен Отбасы күнін іске асыру аясында 6 қыркүйекте бірінші сынып оқушыларының ата-аналарының жиналысы өтті.Жиналыста баланың оқу іс-әрекетіне бейімделуі бойынша  кеңес берілді.Балалардың мүмкіндіктерін салыстырудың жағымсыз салдарын болдырмау үшін 
 "гүл" психологиялық жаттығуы өткізілді."Бауырсақ" ертегісін түсіндіру арқылы 5 өсиет қаралды- әрқашан балаларды сүю,қараусыз қалдырмау,қоршаған әлеммен қарым-қатынас жасауға үйрету,жақсылық пен жамандықты ажырату,адамдардың шынайы ниеттерін тануға ,ең бастысы, баланы өмірге зиян келтірместен абыроймен және қадір-қасиетпен қиын өмірлік жағдайлардан шығуға .Іс-шара соңында ғасырдың ең ұлы өнертапқышы Томас Эдисонның анасы туралы мотивациялық бейне қаралды. Қауіпсіздік жөнінде жадынамалар таратылып,  арнайы нұсқаулық өткізілді.
Сынып жетекшісі: Анапина Р. А