Бақылаулар, тәжірибелер, эксперименттер, логикалық және шығармашылық тапсырмалар - жаратылыстану сабағының міндетті құрылымдық элементтері. Екінші сыныпта 26 қарашада «Менің рюкзагымның салмағы қанша?» тақырыбында сынып сағаты өтті. Оқушылар мұғалімнің жетекшілігімен зерттеу жүргізді. Олар өлшеу құралдарымен жұмыс істеді, кітаптың салмағы мен рюкзактың салмағын анықтады, дұрыс қалыпта болудың маңыздылығын түсіне алды. Нәтижелерін өлшеу кестеге енгізді. Олар жұпта да, топта да өзара тіл табыса алды. Рефлексия кезеңінде балалар сабақтың тақырыбы мен алған білімінің маңыздылығы туралы өз әсерлерін білдірді. Олар: «Мен әрдайым кітаптарды рюкзакқа тек сабақ кестесі бойынша саламын», «Мен арқамды әрқашан тік ұстаймын», «Менің арқамның денемнің жұмысына әсер ететіні мені таң қалдырды», «Міне, сондықтан біз иығымызға сөмке киеді екенбіз» - деп ойларын білдірді.
Анапина РА