Текст
Бүгін екінші сыныпта «Қарттар-ел тірегі, ұрпақ жүрегі» атты сынып сағаты өтті.
Оқушылар ерекше жылулықпен ата-әжелері туралы әңгімелеп, олардың отбасы мен бүкіл қоғам өміріндегі маңызды рөліне тоқталды. Балалар жұмбақтар шешіп, үлкендер туралы игі сөздерді жалғастырып, өз жақындары жайлы әңгімелерімен бөлісті.
Ең әсерлі сәттердің бірі-әже мен аталарына арнап қолөнер бұйымдарын жасау болды. Әрбір жұмысқа балалар өз жүрегінің бір бөлшегін салып, сүйіспеншілік пен алғыстарын жеткізуге тырысты.Бұл сынып сағаты барлығына еске салды: қарттар-біздің байлығымыз, даналығымыз бен тірегіміз. Әжелер мен аталар әрдайым немерелерінің қамқорлығы мен ықыласын сезініп жүрсін!
Сынып жетекшісі:Анапина Р.А