Текст
"Жануарлардың тіршілік ету ортасы және жануарлар арасындағы қарым-қатынас түрлері"
Бастауыш сыныптар онкүндігін өткізу жоспарына сәйкес 17 қазанда 3-сыныпта "Жануарлардың тіршілік ету ортасы және жануарлар арасындағы қарым-қатынас түрлері" тақырыбында жаратылыстану пәні бойынша сабақ өткізілді.
Мақсаты: оқушыларда жануарлардың тіршілік ету ортасының әртүрлілігі және олардың арасындағы қарым-қатынас түрлері туралы түсінік қалыптастыру.
Сабақ барысында балалар LearningApps интерактивті бағдарламасында белсенді жұмыс істеді, тапсырмаларды орындады, оқуға қызығушылық танытты.
Сабақ қызықты және танымдық атмосферада өтті.
Сабақтың мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізілді.
Бастауыш сынып мұғалімі: Глущич Л. В.