Аумақты тазалау
Көркем еңбек, музыка, дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық пәндері бойынша өткізілетін онкүндік аясында 5-9 сынып оқушылары мектеп аумағын тазалау және абаттандыру жұмыстарына белсене қатысты.
Іс-шара барысында оқушылар педагогтермен бірлесе отырып, мектеп аумағын тазалап, тұрмыстық қоқыстарды жинады, гүлзарлар мен мектеп ғимаратына іргелес аумақтарды ретке келтірді. Сонымен қатар мектеп аумағында тазалық пен тәртіпті сақтауға бағытталған басқа да жұмыстар атқарылды.Іс-шара оқушылардың қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға, еңбекқорлыққа тәрбиелеуге, мектеп аумағына ұқыпты қарау дағдысын дамытуға және ұжымдық жауапкершілік сезімін арттыруға ықпал етті.
Жауапты мұғалім: Григоренко Т.В.