"Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Приозерное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Приозёрное отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілерде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Заң – менен басталады»

Мектептегі құқықтық клубтардың жұмысы аясында оқушылар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және заңға жауапкершілікпен қарауды дамытуға бағытталған «Заң – менен басталады» атты құқықтық акция өтті.Акцияға қатысушылар өз құрбыларына құқықтық ақпарат беріп, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері, қауіпсіз мінез-құлық ережелері және өз іс-әрекеттері үшін жеке жауапкершілік туралы еске салды. Шара барысында күнделікті өмірде қажет болатын пайдалы құқықтық кеңестер мен ұсыныстар жазылған ақпараттық жадынамалар таратылды.
Бұл акция оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға және заңды сақтау әр адамның өзінен басталатынын терең түсінуге ықпал етті


Текст