Текст
26 желтоқсанда біздің мектептің үш оқушысы Мамедова Мадина, Степахина Виктория және Анастасия "Сарыарқа" аудандық мәдениет үйінде өткен Сандықтау ауданы әкімінің шыршасында болды. Келе жатқан Жаңа жылмен барлық қатысушыларды Сандықтау ауданы әкімінің міндетін атқарушы Қайрат Омаров құттықтап, балаларға 30 000 теңге сомасындағы ақшалай сертификаттар мен жаңа жылдық сыйлықтар табыс етті. Аяз Ата мен Ақшақар, сондай-ақ жарқын ертегі кейіпкерлері жаңа жылдық көңіл-күй сыйлады. Іс-шара соңында барлық балалар тәтті үстелге шақырылды.
Балалар мерекеде көптеген жағымды эмоциялар алып, керемет көңіл-күймен келді. Ата-аналар мен оқушылардан мереке ұйымдастырушыларына рахмет!
5-6 сынып жетекшілері Сергеева Н.О. және Сироткина Л. А.