4 сынып оқушыларының ата-аналарымен кездесу

"Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" деген ақпараттық науқан уақытында, ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығында  бірыңғай тәрбие бағдарламасын  іске асыру мақсатымен  кездесу өтті.

Сынып сағаты мен ата-аналар жиналысының әдеттегі форматын өзгертіп, тәттілермен, шәймен жылы қарым-қатынасты  жалғастырдық.

Балаларға  жанжалдардың  себептерін анықтап, дұрыс шешім қабылдау жолдарын түсіндірдік. Балалар өз өмірлерінен, әдебиеттерінен мысалдар келтірді. Ата-аналар тәрбие әдістерін талқылады, "баланың көзімен" атты ойын ойнады.

Іс-шараның қорытындысы бойынша жақсылық жасағаннан кейін адам бойына  мейірімділік  сіңіреді дегенге сендік.  Кездесу ұлттық ойындар: "Бес асық" және "Еркем-ай" музыкалық шығармасымен аяқталды.

Сынып жетекшісі: Анапина Р. А