пневматикалық мылтықты ату бойынша практикалық іс-шара
Көркем еңбек, дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық (АӘД) онкүндігі аясында мектепте пневматикалық винтовкадан оқ ату бойынша практикалық іс-шара өткізілді.
Оқ ату - жай ғана қызықты іс емес, ол жоғары зейінділікті, дәлдікті және тәртіпті талап ететін маңызды дағды. Алғашқы оқты атпас бұрын оқушылар төмендегі бағыттар бойынша қажетті білім алды:
- Қару-жарақпен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен танысты. Ең басты қағида - қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау!
- Пневматикалық винтовканың құрылысын
- Дәл ату негіздерін меңгерді: дұрыс тұру қалпы, нысананы көздеу, тыныс алуды реттеу және шүріппені бірқалыпты басу.
Көптеген оқушылар жақсы нәтижелер көрсетіп, өздерінің мергендік қабілеттерін танытты.
Мұндай практикалық сабақтар оқушылардың көз мөлшерін, зейінін, шыдамдылығын және жауапкершілігін дамытуға ықпал етеді.
Алғашқы әскери дайындық пәнінің ұйымдастырушы- педагогі: Гуйван В.В.