Қазақстан халықтары тілдері онкүндігі аясында 5-сыныпта өткен "Тіл – адамның өміріндегі орны" тақырыбындағы сабақтар туралы есеп
Қазақстан халықтары тілдері онкүндігі аясында 5-сыныпта «Тіл – адамның өміріндегі орны» тақырыбында сабақтар өткізілді. Сабақтардың негізгі мақсаты – тілдің адам өміріндегі маңызын түсіндіру, оның қарым-қатынас құралы ғана емес, сонымен қатар әр халықтың мәдениеті мен ұлттық болмысының көрінісі екенін ұғындыру болды.
Сабақтар барысында оқушылар:
- тілдің маңыздылығы туралы пікір алмасты;
- «Тіл» тақырыбында кластер құрап, топтық жұмыс жүргізді;
- мәтін, оның тақырыбы мен негізгі ойы туралы білімдерін қайталады;
- сабақ тақырыбына сай мәтіндермен жұмыс жасап, талдау жүргізді;
- мәтіннен табылған зат есімдердің жекеше-көпше түрін және жынысын анықтады;
- жұптасып жұмыс істеп, тапсырмаларды бір-біріне тексеріп берді.
Сабақтар белсенді, қызықты және ынтымақтастықта өтті. Оқушылар қызығушылық танытып, тапсырмаларды жауапкершілікпен орындады. Сабақ соңында балалар тіл – тек қарым-қатынас құралы емес, сонымен бірге халықтың жаны, тарихы және мәдениеті екенін түсінді.