«Күзгі бал»
Мектебімізде көптен күткен «Күзгі бал» мерекесі өтті! Бұл мереке оқушыларға көтеріңкі көңіл күй, шаттық пен ұмытылмас әсер сыйлады!
«Күзгі бал» оқушыларға өздерінің қиялын, шығармашылығын, әртістік қабілеттерін және командалық рухын көрсетуге тамаша мүмкіндік берді. Әсем киім үлгілері, қызықты байқаулар мен достыққа толы жылы атмосфера бұл күнді ерекше әрі есте қаларлықтай етті! Мерекені дайындап, жоғары деңгейде өткізуге атсалысқан барлық қатысушылар мен ұстаздарға шынайы алғысымызды білдіреміз! Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында «Күзгі бал» жарқын, көңілді әрі есте қаларлық мерекеге айналды! Мектеп өмірінде әрдайым шығармашылыққа, достыққа, қуанышқа және жаңа жарқын оқиғаларға орын болсын!
Мектеп парламенті