«Саған кітап сыйлаймын»
«Саған кітап арнадым» -«Саған кітап сыйлаймын»
Мектеп кітапханасында Қазақстан Республикасы күніне орай «Оқитын ұлт» марафоны аясында іс-шара өтті.
Осы мерекелі күні «Саған кітап арнадым» акциясы ұйымдастырылды. Акцияның басты мақсаты - жүрегімізге жақын жанға кітап сыйлау, туған елімізге деген сүйіспеншілігімізді білдіру немесе өмірімізде маңызды орын алатын, бізге шабыт беретін адаммен кітап арқылы қуанышпен бөлісу.
Кітап- білімге бастайтын дана ұстаз.
Кітап - әрдайым жаныңнан табылатын жақын серік әрі адал дос.
Кітап - жан азығы, рухани дүниені байытатын қазына.
Кітап игі істер мен жаңа жаңалықтарға жетелейді.
Әрбір оқылған кітап - еліміздің болашағына қосылған шағын болса да, маңызды үлес.
Кітапханашы: Шокаева С.О.