Қазақстан Республикасының күні-еліміздің мерекесі!

Қазақстан Республикасының күні-еліміздің мерекесі!
Қазақстан Республикасы күнін мерекелеу қарсаңында 0-4 сынып оқушылары арасында еліміздің басты мемлекеттік мерекелерінің біріне арналған тақырыптық сынып сағаттары өткізілді.
Іс-шаралар барысында оқушылар мерекенің тарихымен танысып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің маңызын білді, туған өлке, ұлттық дәстүрлер мен еліміздің жетістіктері туралы әңгімелесті. Оқушылар патриот болу дегеніміз не, туған Отанды неліктен сүю және оның мұрасын не үшін сақтау керектігі туралы өз ойларымен бөлісті.
Сынып сағаттары жылы әрі танымдық жағдайда өтті. Оқушылар еліміздің тарихына қызығушылық танытып, туған Қазақстан туралы білімдерін кеңейтіп, өз Отанына деген мақтаныш сезімдерін арттырды.
Республика күні- тәуелсіздіктің, бірліктің және мақтаныштың символы! Қазақстанымыз өркендеп, әр шаңырақта бейбітшілік, келісім мен береке орнасын!
Мерекеңмен, аяулы Қазақстан!