« 25 Қазан — Республика күні. Қазақстан-біздің ортақ құндылығымыз»,

25 ҚАЗАН-РЕСПУБЛИКА КҮНІ.
9-11 сыныптарда « 25 Қазан — Республика күні. Қазақстан-біздің ортақ құндылығымыз», еліміздің маңызды мемлекеттік мерекелерінің біріне арналған.
Іс-шара барысында оқушылар Республика күнінің тарихи маңыздылығымен танысты, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жолын, бірліктің, бейбітшіліктің, патриотизмнің және азаматтық жауапкершіліктің маңызын талқылады. Балалар Отанды сүю деген не және әрқайсымыз елдің болашағына қандай үлес қоса алатынымыз туралы өз ойларымен бөлісті.
Қазақстан-біздің ортақ үйіміз, мақтанышымыз және жауапкершілігіміз! Біздің еліміз өркендеп, әр үйде бейбітшілік, келісім мен амандық орнасын!
Қазақстан Республикасы Күні Құтты Болсын!