Қыркүйек келді, жаз аяқталды,
Білім, оқу, бағалар мерекесі келді,
Балалар, ата-аналар, мұғалімдер,
Мерекелеріңізбен!!!
Бүгін туған мектеп қабырғасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған сынып сағаттары өткізілді.
Оқушылар Тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуының маңызды сәттерін еске алып, викториналарға қатысты.
Сынып жетекшілері балаларға бетперде режимін сақтау және жол қозғалысы ережелері туралы еске салды.
"ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы" сынып сағаты
9-11 сыныптарда білім күніне және ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған сынып сағаты өтті. Мақсаты: оқушылардың тарихи және мәдени мұра туралы білімдерін бекіту және толықтыру. Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы негізгі жетістіктері айтылды. Зияткерлік ойын барысында оқушылар Тәуелсіздік кезеңдері мен ҚР рәміздері туралы білімдерін жаңартты, сондай-ақ ҚТ, мектептегі және жолдағы тәртіп ережелері бойынша нұсқаулық өткізілді. Сынып сағатының соңында оқушылар "Қазақстан" сөзіне синквейн құрастырды. Біздің Отанымыз-Қазақстан Республикасы өмір сүріп, гүлдене берсін!
9-11 сынып жетекшілері