Ұйымдар тізімі
Сынып сағаты сәлемдесу мен жағымды эмоционалдық көңіл күй қалыптастырудан басталды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалды. Одан кейін оқушыларға интернеттегі ең көп таралған қауіп-қатерлер туралы ақпарат ұсынылды: алаяқтық, жалған аккаунттар, зиянды сілтемелер, кибербуллинг, жеке деректердің таралуы.
Сынып сағаты барысында көрнекі материалдар, өмірден алынған нақты мысалдар, сондай-ақ талқылауға арналған сұрақтар қолданылды. Білім алушылар диалогқа белсенді қатысып, өз пікірлерін білдіріп, интернетте қауіпсіз мінез-құлық сақтау жолдарын ұсынды.Іс-шара соңында қорытынды жасалып, интернетті қауіпсіз пайдаланудың негізгі ережелері тұжырымдалды. Білім алушылар тақырыпқа қызығушылық танытып, интернет қауіпсіздігінің негізгі қағидаларын түсінгендерін көрсетті. Сынып сағатының қорытындысы бойынша оқушылар интернет желісінде жауапты әрі саналы түрде әрекет ету қажеттігі туралы тұжырым жасады.
10-сыныптың сынып жетекшісі -Жмурко С.В.
Төлегенов Айбек, біздің мектептің...