"Достық пен бірлікте" сынып сағаты

Қазақстан халықтарының бірлігі күні қарсаңында 6-сыныпта "Достық пен бірлікте" тақырыбында сынып сағаты өтті

Мақсаты: қазақстандық патриотизмді , ұлтаралық келісімді және өз Отанына деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу.

Сынып сағаты барысында оқушылар бейнеролик көріп, өлең оқып, мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріп, викторинаға қатысты. Соңғы кезеңде балалармен "Біз бір болғанда – біз жеңілмейміз" ойыны өткізілді .

Сынып жетекшісі: Брестель И.В.