«Балалық шақ әлемі -білім елі»
«Приозёрное ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «Балалық шақ әлемі -білім елі» атты бастауыш сыныптар онкүндігінің салтанатты жабылуы өтті.
Қорытынды іс-шара мектептің акт залында мерекелік әрі достық атмосферада ұйымдастырылды. Онкүндік барысында бастауыш сынып оқушылары зияткерлік ойындарға, викториналарға, тілдік квесттерге, шығармашылық байқауларға және қолөнер көрмесіне белсенді қатысты.
Іс-шараның ерекше сәті — оқушыларды марапаттау рәсімі болды. Оқушыларға «Қазақ тілі білімпаздары», «Жас зияткер», «Ертегілер білгірі», «Ертегіні тап» номинациялары бойынша, сондай-ақ шығармашылық қолөнер бұйымдары, ұқыптылық, зейінділік және онкүндік іс-шараларына белсенді қатысқаны үшін грамоталар табысталды.
Онкүндік оқушыларға өз қабілеттерін көрсетуге, білімдерін дәлелдеуге, шығармашылық әлеуетін ашуға және жетістіктерінің қуанышын сезінуге тамаша мүмкіндік болды.
Онкүндікті ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысқан оқушылар мен ұстаздарға алғыс білдіреміз!* Балаларды алда жаңа ашылулар, табыстар мен жеңістер күтіп тұрсын!
Бастауыш сынып мұғалімдері