2020 жылдың 22 қаңтарында Приозерное орта мектебінің 9-11 сыныптарында «Халықаралық ғаламторсыз күні» сынып сағаты өткізілді. Жұмыстың мақсаты оқушыларды мереке тарихымен таныстыру, ғаламтордың оң және теріс жақтары туралы анық түсініктерді қалыптастыруға ықпал ету болды. Сынып сағаты барысында оқушылар презентация тамашалап, ғаламтордың артықшылықтары мен кемшіліктерін белсенді талқылады, өз пікірлерімен бөлісті. Сабақтың соңында оқушылар "Ғаламторсыз бір күн" постерлерін дайындап, қазіргі заманғы адам өміріндегі ғаламтордың рөлі өте зор, бірақ виртуалды әлем шынайы өмірді алмастырмауы тиіс деген қорытындыға келді. Барлық оқушылар ғаламторда қауіпсіз тәртіп туралы жадынамалар алды.
Сынып жетекшілері Махомет Е.Н., Тлеулинова Г.Б., Билевич С.В.